$ 494.87  520.65  4.91

Петропавлда бүгіннен бастап төтенше жағдай режимі енгізілді

Салдарынан 9 жеке тұрғын үй күлге айналып, тағы екеуіне зақым келген еді.
фото: inform.kz
фото: inform.kz

Петропавлда бүгіннен бастап жергілікті ауқымда техногендік сипаттағы төтенше жағдай режимі енгізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Төтенше жағдай режимін енгізуге Петропавлда 7 мамыр күні тұтанған өрт себеп болды.

Естеріңізге салайық, «Береке» ықшамауданында қамыс жанып, қатты желдің салдарынан арты ауқымды өртке ұласты.

Салдарынан 9 жеке тұрғын үй күлге айналып, тағы екеуіне зақым келген еді.

Петропавл қалалық әкімдігі үйлері жанып кеткен жеті отбасының жалдамалы пәтерге орналастырылғанын айтты.

Тағы төртеуіне ыңғайлы баспана іздестіріліп жатыр. Пәтерлер демеушілердің қаражатына жалға алынған.

Зардап шеккендерге көмек көрсету үшін қала тұрғындары да атсалысып жатыр.

Петропавлдағы қалалық мәдениет үйінде ашылған гуманитарлық пунктке тез бүлінбейтін азық-түлікті, киім-кешекті, жеке гигиеналық құралдарды апарды.

Ал төтенше жағдай режимі далада қалған отбасыларға ҚР заңнамасы аясында келтірілген шығынды қысқа мерзімде өтеу үшін енгізіліп отыр.

Енді тәуелсіз сарапшылардың бағалауынан кейін, зардап шеккендерге өтемақы төлене бастайды.

Сондай-ақ баспана иелеріне 100 АЕК мөлшерінде өтемақы да берілмек.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#Петропавл