11.05.2023, 18:20

Әлем чемпионаты: 5 боксшымыз жартылай финалға жолдама алды

Фото: ҚБФ
1/2 финалдық жекпе-жектер 12 мамырға жоспарланған.

5 боксшысы Әлем чемпионатының жартылай финалына жолдама алды, деп хабарлайды Qazaqstan телеарнасы.   1/2 финалдық жекпе-жектер 12 мамырға жоспарланған. Финалдық кездесулер 13-14 мамырда өтеді.  Жартылай финалдық және финалдық бәсекелерді «Qazaqstan» және «Qazsport» телеарналарының тікелей эфирінен көре аласыздар. 

Қазақстандық боксшылардың қарсыластары:  48 келі.   Санжар Тәшкенбай – Эдмонд Худоян (Ресей)  54 келі:  Махмұд Сабырхан – Йосвани Вейтия (Куба)  67 келі:  Дулат Бекбауов – Лаша Гурули (Грузия)  71 келі:  Асланбек Шымбергенов – Дев Нишант (Үндістан)  80 келі:  Нұрбек Оралбай – Имам Хатаев (Ресей)