11.05.2023, 22:30

Шымкентте 18 жүк вагоны аударылып қалды

Фото: inform. kz
Аударылған вагондардың 17-сі бос болған.

Шымкентте Игілік-Бадам темір жолының 3266 шақырымында 18 жүк вагоны аударылып қалды. Бұл вагондар «Шымкент-Арыс» бағытындағы 2489 жүк поезының құрамында болған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қалалық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, бұл жағдай бүгін күндізгі сағат 16.37-де орын алған. Аударылған вагондардың 17-сі бос болған. Нәтижесінде әуе электр желілерінің 11 тірегі зақымдалып, темір жол төсемінің ішінара зақымданған. Зардап шеккендер жоқ.

Теміржолда жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарына «ҚТЖ ҰК» АҚ (55 адам және 1 қалпына келтіру пойызы) күштері жұмылдырылды. Оқиға орнына қалалық ТЖД басшылығы мен жеке құрамның 14 адамы және 4 бірлік техникасы шықты. Аталған стансада вагондардың істен шығуына байланысты «Алматы-Маңғыстау» бағытындағы 77 жолаушылар пойызы 1 сағат 15 минутқа кідірді. Қазіргі уақытта пойыздардың қозғалысына әсері жоқ» делінген хабарламада.