$ 514.65  544.6  5.17

Павлодарда әйел нәрестесін ұрып өлтірді

Әйел қатты ашуланып, сәбидің маңдайына және басының артқы жағынан екі рет соққы жасаған.
Фото: pixabay.com
Фото: pixabay.com

Павлодарда ұлын тыныштандырмақ болған әйел оны өлтіріп қойған, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz

Әйелдің кінәсі қылмыстық іс материалдарымен, сараптама қорытындысымен және куәгерлердің айғақтарымен дәлелденді.

№2 соттың баспасөз қызметі мәлімдегендей, 2022 жылдың 28 қазанында облыс орталығының тұрғыны жаңа туған ұлын тыныштандырғысы келіп, оны еденге жатқызған.

«Осыдан кейін ол қатты ашуланып, сәбидің маңдайына және басының артқы жағынан екі рет соққы жасаған. Бала қатты соққыдан жабық бас ми жарақатын алған. Алған дене жарақатынан жаңа туған нәрес қайтыс болды», - деді №2 сотта.

Әйел баласының денсаулығына қасақана ауыр зиян келтірмегенін айтып, кінәсін мойындамады. Әрі соттан өзін бас бостандығынан айырмауды сұрады.

Сот оны 8 жылға бас бостандығынан айырды. Енді ол жазасын қауіпсіздігі орташа қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде өтейтін болады. 

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#Павлодар