$ 494.87  520.65  4.91

Павлодар облысында белгісіз жыртқыш жүзден астам қойды қырып кеткен (ВИДЕО)

Tұрғындар бірнеше күннің ішінде малға нақты қандай жыртқыш шапқанын білмейді.

Павлодар облысындағы Ақсу қаласына қарасты Үштерек ауылында белгісіз жыртқыш ауыл тұрғындарының малына шауып, жүзден астам қойды қырып кеткен, деп хабарлайды "Астана арнасының" сайты.

Телеарнаның хабарлауынша, тұрғындар бірнеше күннің ішінде малға нақты қандай жыртқыш шапқанын білмейді. Десе де, олар қойға қасқыр шапқан деп пайымдап отыр.

"Түнгі сағат он екіде тұрып қарағанда дін аман болатын. Одан кейін көзім ілініп кеткен екен. Ояна келсем төрт екен. Шығып араласам, талқандап кетіп қалыпты. Енді бұл ит не қасқыр екенін білмейміз", - дейді Үштерек ауылының тұрғыны Қамидолда Қойтанұлы.

Тағы бір тұрғынның айтуынша, қырылған малдың өтемақысын халыққа азда болса өтеп берсе, өйткені ауылда адамдар осы мал арқылы күн көріп отыр.

"Адамдардың күн көріп отырғаны осы екі-үш малы ғана ғой. Енді малын екі-үш күн сайын қыра беретін болса, қандай жағдай туындайды. Өзі қазір заман қиын. Әлеуметтік жағдай деген төмендеп жатыр. Ауыл жерде жұмыс, шаруа жоқ. Өлген малдың өтемақысын халыққа азын аулақ болса да, көмегін жасау керек", - дейді Үштерек ауылының тұрғыны Мақсатхан Жекебай.

Тұрғындардың сөзінше, белгісіз жыртқыштың малға шабуы бірінші рет емес. Бұдан 10 күн бұрында ауылдағы 35 қойды қырып кеткен. Ауыл халқы белгісіз жыртқыш енді адамдарға шаба ма деп уайымдауда. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары