Алматыда Жазушылар одағының құрылтайы басталды. Сәлден кейін одақты басқаратын адам белгілі болады, деп хабарлайды malim.kz.
Жазушылар Одағының басшылығына ұсынылған үміткерлер қатарында Мереке Құлкенов, Ұлықбек Есдәулет, Ақберен Елгезек, Нұржан Қуантайұлы, Жүсіпбек Қорғасбек, Думан Рамазан, Арман Әлменбет сынды қаламгерлер бар.
Құрылтайда бес жылдағы жұмысына есеп берген Ұлықбек Есдәулет одақ басшылығынан бас тартатынын мәлімдеді.
Айта кетейік, 2018 жылдан бастап осы уақытқа дейін Жазушылар одағын ақын Ұлықбек Есдәулет басқарған болатын.