12.05.2023, 14:40

Жазушылар одағының жаңа төрағасы сайланды

Фото: turkystan.kz
Бұған дейін одақты басқарған Ұлықбек Есдәулет одақ басшылығынан бас тартатынын айтқан.

Қазақстан Жазушылар одағы отырысының қорытындысы бойынша әдеби бірлестіктің жаңа төрағасы болып Мереке Құлкенов сайланды. Бұл жөнінде Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Бұған дейін одақты басқарған Ұлықбек Есдәулет одақ басшылығынан бас тартатынын айтқан.

“Қазақстан Жазушылар одағының отырысында жаңа басшы сайланды. Жаңа басшы Мереке Құлкенов болды”, – деді одақтың бұрынғы төрағасы Ұлықбек Есдәулет.

Есдәулет Түркі мемлекеттері Жазушылар одағын басқаруына байланысты қызметінен кеткені айтылады.

Құлкенов республикалық "Жалын" қоғамдық-әдеби журналының, республикалық "Ана тілі" газетінің және "Таң-Шолпан" әдеби-көркем, бұқаралық журналының бас редакторы қызметтерін атқарған.

2018 жылдан бастап Қазақстан Жазушылар одағы төрағасының орынбасары болған. 

Құлекенов – "Жібек самалы", "Таңғы салқын", "Үрей", "Халел Досмұхамедовтің өмірі мен шығармашылығы", "Қазақстан" шығармаларының және басқа да көптеген прозалық және публицистикалық шығармалардың авторы.