Заманауи бағыттағы уағыздарымен көптің жүрегін жаулаған имам Нұрлан Байжігітұлы өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында қуанышты жаңалығымен бөлісті, деп хабарлайды Inbusiness.kz.
“Бісмілләһир-Раxманир-Раxим! Алланың қалауымен, елдің ақ тілегімен бүгін Астанамыздағы “Алланың гүлі” аталып кеткен Ырыскелді қажы атындағы мешітке бас имам боп тағайындалдым. Бұл мен үшін қуанышты жаңалық! Енді Астана жұртшылығымен және қала қонақтарымен осы мешітте жүздесеміз. Еліміз тыныш, жұртымыз аман, бірлігіміз берік, руханиятымыз тұғырлы болсын”, – деп жазды Нұрлан имам.
Айта кетейік, бұған дейін Нұрлан Байжігітұлы Алматы облысындағы “Зәм-зәм” мешітінің бас имамы болды.