$ 442.05  474.14  4.74

Ауыратлет Нұрғиса Әділетұлы Азия чемпионы атанды

22 жастағы қазақстандық спортшыға жұлқа көтеру жаттығуында тең келер қарсылас болған жоқ.
Фото: kazsports.kz
Фото: kazsports.kz

Ауыр атлетикадан Оңтүстік Кореяның Чинджу қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында Нұрғиса Әділетұлы жеңімпаз атанды. Отандасымыз 102 килоға дейінгі салмақта үздік шықты, деп хабарлайды massaget.kz.

22 жастағы қазақстандық спортшыға жұлқа көтеру жаттығуында тең келер қарсылас болған жоқ. Ал серпе көтеруде екінші сатыдан көрінді. Қос жаттығу қорытындысы бойынша 400 килоны (181+219) еңсеріп, Азия үздігі болды.

Айта кетейік, осыған дейін Азия чемпионатында Арли Чонтей 55 килоға дейінгі салмақта қола жүлде еншілеген болатын.

Нұрғиса Әділетұлы өткен жылдың желтоқсан айында Боготада (Колумбия) өткен әлем чемпионатында күміс медаль еншілеген. Ол кезде 96 килоға дейінгі салмақта бақ сынаған еді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары