$ 498.34  519.72  4.85

Петропавлда полиция басшысы сотталды

Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Фото: pixabay
Фото: pixabay

Петропавл қалалық сотының үкімімен ҚР ҚК 366-бабы, 4-тармағының 3-бөлігі бойынша СҚО бойынша ПД Петропавл қалалық полиция басқармасының ЖПҚ бөлімшесінің бастығы 7 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

"ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің мәліметінше, ол жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің орташа қауіпсіздік мекемесінде өтейтін болады.
Сотталған сапаны растайтын тиісті құжаттары жоқ, акцизделетін өнімді заңсыз сатуды жүзеге асыруда қамқоршылық көрсеткені үшін жалпы сомасы 500 жүз мың теңгеден асатын бірнеше рет пара алғаны үшін кінәлі деп танылды", - делінген мәліметте.

Осылайша, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментімен мың блок темекі өнімінің және 5 мың литр күмәнді алкоголь өнімінің заңсыз сатылымы тоқтатылды.
Сотталған «полиция майоры» арнаулы атағынан, сонымен қатар мемлекеттік қызметте, жергілікті өзін-өзі басқару органдарында, қаржы ұйымдарында және квазимемлекеттік секторда қызмет атқару құқығынан айырылды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары