$ 494.87  520.65  4.91

Жәнібек Әлімханұлының қарсыласы оның көзіне қарай алмады

Көбі оны қорқып қалды деп болжауда.
Фото: Stan.kz
Фото: Stan.kz

Орта салмақтағы әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы (13-0, 8 КО) және оның қарсыласы Стивен Батлер (32-3-1, 26 КО) WBO-дан белбеуді қорғау үшін жекпе-жек алдында салмақтарын өлшеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Титулдық жекпе-жек 13 мамырда америкалық Стоктонда өтеді. Екі боксшы да орта дивизион шегіне 72,574 келіге сәйкес келеді.
Әлімханұлы таразыда 72,211 килограмм, ал оның канадалық бәсекелесі 72,393 болды.
 
Екі спортшы жекпе-жек алдында баспасөз мәслихатында көз түйістірген еді. Осы жолы да бәсекелестер бір-біріне қарама-қарсы тұрып, көз түйістірмек болған. Бірақ канадалық 2 секундтан соң, бұрылып, кетіп қалды.
Оның бұл әрекеті жанкүйерлерді таңқалдырды, көбі оны қорқып қалды деп болжауда.

Әлімханұлы титулын екінші рет қорғамақ. Батлер 2019 жылы WBA желісі бойынша әлемдік титулға таласты, бірақ жапон Риот Муратеден техникалық нокаутпен жеңіліп қалды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары