13.05.2023, 18:30

Санжар Ташкенбай әлем чемпионы атанды

Фото: t.me/tengrinews
Ташкентте өткен финалдық кездесуде грузиялық Сахил Алахвердовиді жеңді.

Боксшымыз Санжар Ташкенбай әлем чемпионы атанды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

48 келіге дейінгі салмақта сынға түскен 19 жастағы қазақ боксшысы Ташкентте өткен финалдық кездесуде грузиялық Сахил Алахвердовиді жеңді.

Бірінші айналымда 5:0 есебімен жеңіске жеткен Ташкенбай екінші айналымда басымдық (5:0) танытты. Үшінші раундта қазақстандық тағы да жақсы көрініп, бірауыздан қабылданған шешіммен кездесуді жеңіспен аяқтады.