13.05.2023, 20:30

Дулат Бекбауов әлем чемпионатында күміс еншіледі

Фото: ҚБФ
Қорытынды есеп – 5:0, өзбекстандық спортшының пайдасына шешілді.

Ташкент қаласында бокстан ерлер арасында өтіп жатқан әлем чемпионатында Дулат Бекбауов күміс жүлдегер атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Дулат Бекбауов 67 келіге дейінгі салмақта өзбекстандық Асадхуджа Муйдинхуджиевпен қолғап түйістірді.

Осыған дейін қарсыластар өзара бір рет кездесіп, онда Дулат жеңген еді.

Бұл жолы алғашқы раундта өзбекстандық боксшының соққылары дәлірек тиді – 5:0. Екінші кезеңде бес төрешінің төртеуі А.Муйдинхуджиевке басымдық берді. Үшінші раундта Дулат Бекбауов алға ұмтылып баққанымен, кеш болды. Қорытынды есеп – 5:0, өзбекстандық спортшының пайдасына шешілді.

Қалған үш боксшымыз алтын жүлде үшін ертең таласады. Махмұд Сабырхан (54 кг) мен ұлттық құрама капитаны Асланбек Шымбергенов (71 кг) өзбекстандықтар Ойбек Джураев, Саиджамшид Джафаровпен, ал Нұрбек Оралбай (80 кг) қытайлық қандасымыз Тоқтарбек Таңатханмен рингке шығады.