15.05.2023, 05:30

Ел тұрғындары маусымда қанша күн демалады

Фото: pixabay
Құрбан айт мейрамы 28 маусым.

Маусымда қазақстандықтар Құрбан айт мейрамын тойлайды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Құрбан айт мейрамы 28 маусым сәрсенбіге келіп тұрғандықтан, бес күн жұмыс істейтін қазақстандықтар 26, 27 маусым  жұмыс істеп, 28 маусым демалады, 29, 30 маусым қайта жұмыс істейді.

Алты күн жұмыс істейтіндер үшін 26, 27 маусым жұмыс күні болса, 28 маусым демалып, 29, 30 маусым және 1 шілде қайта жұмыс істейді.