15.05.2023, 12:00

Бибісара Асаубаева Берлиндегі Armageddon Women’s Chess Week турнирінде үздік болды

Фото: Instagram/bibisarachess
Әлемнің ең мықты 8 шахматшысы қатысып жатыр.

Бибісара Асаубаева Берлинде өткен Armageddon Women’s Chess Week турниріне қатысты. Бұл туралы 19 жастағы қазақстандық шахматшы Instagram парақшасында хабарлады, деп жазады ҚазАқпарат.

Оның айтуынша, турнир өте қызық форматта өтті.

Ереже қарапайым: нокаут жүйе бойынша турнир, 2 блиц ойын, 1-1 есебінде Армагеддон ойналады, яғни қателікке жол жоқ.

Әлемнің ең мықты 8 шахматшысы қатысып жатыр.

«Мен барлық матчтарды жеңе алдым, тек бір Армагеддон ойнадым және бүкіл турнирде бір ойында ғана жеңілдім. Бірінші кездесуде Грузияның ең мықты шахматшысын, 2017 жылғы блиц бойынша әлем чемпионы Н.Дзагнидзені 2-0 есебімен ұттым», – дейді Б.Асаубаева.

Екінші айналымда шахматшы 2022 жылы блиц бойынша әлем чемпионатының күміс жүлдегері және соңғы 20 жылдағы әлемдегі ең мықты шахматшылардың бірі Х.Конеруды жеңді.

Ол жартылай финалда Г.Мамедзаданы 1.5-0.5 есебімен жеңіп, финалға және қыркүйекте өтетін Grand Final-ға жолдама алды.

Ақтық сайыста Бибісара Х.Конераны негізгі уақытта 1.5-0.5 есебімен тағы да ұтты.

«Демалуға уақыт жоқ, бүрсігүні Кипрде әйелдер арасында Гран-при кезеңі басталады», - деп түйіндеді спортшы.