$ 494.87  520.65  4.91

Антикор шетелден әкелінген 475 автокөлікті заңсыз тіркеген қылмыстық топтың жолын кесті

Қазіргі уақытта қылмыстық іс материалдарымен танысу жүріп жатыр.
Фото: pixabay
Фото: pixabay

Антикоррупциялық қызмет Астана қаласы бойынша "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" КЕАҚ мамандандырылған бөлімінің қызметкерлері мен азаматтық тұлғалар қатарынан ұйымдастырылған топқа қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеруді аяқтады, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Қылмыстық іс "Web-Модуль" және "ИИС ЦОН" ақпараттық жүйелерінде көлік құралдары туралы мәліметтерді заңсыз енгізу және жою, мәмілелердің жазбаша нысандарын қолдан жасау фактілері бойынша тергелді.

Қылмыстық топ 2022 жылдың қаңтар-мамыр айлары аралығында заңнамада қарастырылған алымдар мен төлемдерді төлеместен шетелден әкелінген 475 автокөлікті заңсыз тіркеді.

Барлығы 30 адам қылмыс жасады деп күдіктелуде. Олардың қатарында Астана қаласы бойынша № 2 Арнайы Халыққа қызмет көрсету орталығының басшысы, 4 полиция қызметкері мен автокөліктерді заңсыз рәсімдеу бойынша өз қызметтерін ұсынған делдалдар бар.

Қазіргі уақытта қылмыстық іс материалдарымен танысу жүріп жатыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары