Қостанай қаласындағы Allur зауытында Chevrolet Оnix-тің алғашқы үлгілері конвейерден шықты.
Chevrolet Оnix - Қазақстанның автомобиль нарығындағы B-классты седандар сегментінің асыға күткен моделі. Естеріңізге сала кетейік, бұл сегментте екінші жыл қатарынан Chevrolet Cobalt көшбасшы болып келеді.
Chevrolet седандар желісінде жаңа ойыншы пайда болады: Оnix - алдыңғы жетекті және бес орындықты автомобиль, ол қозғалтқыштың екі түрін таңдауға мүмкіндік береді - 1,2 л (90 а. к.) және 1,2 л Турбо (132 а. к.).
Бірінші түрі бес жылдамдықты механикалық беріліс қорабымен, екіншісі алты жылдамдықты автоматты беріліс қорабымен жабдықталған.
Автокөліктің заманауи дизайны және кеңейтілген опциялар жиынтығы бар, 10,6 секундта 100 км/сағ дейінгі жылдамдыққа үдей алады. Өндіруші мәлімдеген жанармай шығыны жиынтықталуына байланысты аралас режимде 100 км-ге 5,9 л-ден және қаладан тыс жерде 4,7 л-ден басталады.
Асыға күткен Chevrolet моделінің негізгі артықшылықтары:
1. Орыс тілді мәзір – мультимедиялық жүйеде толығымен орыстандырылған мәзір.
2. Жартылай автоматты тұрақ жүйесі – параллель немесе перпендикуляр жерлерде көмекшінің көмегімен тұрақтау.
3. Электрлі люк – осы сегменттегі автомобильдердің ұқсас опцияға ие болғандарының қатары кемде-кем.
4. Көлемді жүксалғыш бөлігі – жүксалғыш бөлігі 467 л.
5. «Жылы» опциялар – алдыңғы және артқы орындықтарды жылыту, артқы әйнекті жылыту және басқа да көптеген функционалды қосымша мүмкіндіктер.
Бұл модельдің өлшемдері: ұзындығы - 4474 мм, дөңгелек базасы - 2600 мм. Седанның Клиренсі - 136 мм.
Chevrolet Оnix-тің шығуы қазірдің өзінде Қазақстандағы әлеуетті сатып алушылардың жоғары қызығушылығын тудырып отыр.
Жаңа автомобильдің бағалары, жинақталуы және басқа да ақпарат 2023 жылғы 21 мамырда Алматы қаласында өтетін тұсаукесерде жарияланатын болады.