$ 498.55  524.28  4.75

«Жыным келіп тұр»: Бүркіттің анасы ернін үлкейткен Әсел Асқарға ұрысып тастады (ВИДЕО)

Желі қолданушылары да кейуананың бұл сөзіне қосыла кетті.
Фото: ©instagram.com/assel.askar
Фото: ©instagram.com/assel.askar

Блогер Әсел Асқар ерін үлкейтемін деп әжесінен сөз естіді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Айта кетейік, Әсел Асқардың әжесі Айша Көпжасарова – танымал әнші Бүркіттің анасы.

“Ернімді үлкейттім” деп бөлмеге кіріп келген блогерге әжесі: “Неге? Сенің ернің онсыз да үлкен ғой. Неге үлкейттің? Әдемі болып тұрған түгің жоқ. Өтірік айтпа. Ұшық шыққан сияқты. Не айтайын? Жыным келіп тұр”, – деп ұрысып тастады жиен немересіне.

Желі қолданушылары да кейуананың бұл сөзіне қосыла кетті.

“Әжеңіз дұрыс айтады. Сіз онсыз да әдемі едіңіз”, “Әсел, ренжімеңіз, бірақ әжеңіз сізді өз сұлулығымен басып озды”, “Әжеңіз әдемі қартайыпты”, “Әжеңізбен келісемін, шектен шығудың қажеті жоқ”, – деп жарыса жазды желідегілер.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары