Өзбекстан Ұлттық электронды бұқаралық ақпараттық құралдары қауымдастығының төрағасы Фирдавс Абдухаликовтың айтуынша, өткен аптаның соңында үкіметтің электронды БАҚ-тың қызметіне жауапты арнайы комиссиясы үш жаңа телеарнаға лизенция берді.
«Олар - «Зор ТВ», «Футбол» және «Караван ТВ» телеарналары. Бұл арналар елдегі телеэфирді одан сайын қызықты етеді деп үміттенеміз», – деді Фирдавс Абдухаликов.
Өзбекстанда соңғы бес жылда ондаған жаңа телеарна ашылды. «Махалла», «Дунё бўйлаб», «Маданият ва маърифат», «Оилавий», «Диёр», «Кинотеатр», «Болажон», «Миллий ТВ», Uzreport TV және басқалары.
Қазіргі таңда республикада аналогты телевидениеден цифрлік телетаратылымға көшу жұмыстары жүріп жатыр. Цифрлік телевидение халықтың 90 пайызын қамтиды.
Республика аймақтарында цифрлік мультплекс арқылы Өзбекстан ұлттық телерадиокомпаниясының 12 телеарнасы және төрт радиосы таратылады. 2016 жылдың 1 желтоқсанынан бастап «Миллий ТВ» және Uzreport TV жекеменшік телеарналары да цифрлік телевидениеге қосылды.
Дереккөз: centralasian.org