Көпқабатты үйдің терезесінен күшікті лақтырып жіберген павлодарлық анықталды, деп хабарлайды Рolisia.kz.
«Әлеуметтік желілерге мониторинг жасау кезінде павлодарлықтар терезеден күшікті лақтырып жіберген көршісіне шағымданғаны анықталды. Видеоны Павлодар қаласының полиция қызметкерлері тексерді.
12 мамыр күні Торайғыров көшесіндегі үйдің ауласына 54 жастағы қала тұрғыны күшікті үшінші қабаттың терезесінен лақтырғаны анықталды.
Ер адам мас күйде болғандықтан, Уақытша бейімдеу және детоксикация орталығына орналастырылды.
ҚР Қылмыстық кодексінің 316-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.