Әлеуметтік желіде ақша табатындар салық төлеуі мүмкін, деп хабарлайды Atameken business.
Мәжіліс жұмысқа алған "онлайн платформалар" мен "онлайн жарнама" туралы заң жобасында осындай механизм қарастырылуда.
Депутат Айдос Сарымның сөзінше, құжатқа таргеттік жарнама сияқты жаңа ұғымдар енгізілмек. Сол бойынша мемлекеттік, салық, қаржы агенттіктері тиісті органдармен жұмыс істеуге мүмкіндік алады. Бұған қоса, депутат қайырымдылық үшін жиналған ақшаның да сұрауы болуы тиіс екенін айтты.