$ 494.87  520.65  4.91

Екібастұзда медициналық орталықтың жанында ер адамды белгісіз біреу атып кетті

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.
Фото: pixabay
Фото: pixabay

Екібастұзда 34 жасар ер адамды белгісіз біреу атып кетті, жарақат алған жігіт ауруханаға түсті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Павлодар облысы полиция департаментінің мәліметінше, 15 мамыр сағат 17:40 шамасында Екібастұз қаласы полиция басқармасының кезекші бөліміне М.Жүсіп көшесіндегі медициналық орталықтың жанында әйел адам көмек сұрап жатқаны жөнінде хабарлама түскен. Оқиға орнына жеткен полиция қызметкерлері бейнебақылау камераларынан жазбаларды алып, тексере бастаған.

"Белгісіз атыс қаруынан белгісіз адам Екібастұз қаласының 32 жастағы тұрғынына оқ атқаны анықталды. Ер адам ауруханаға жатқызылды. Оқиғаның мән-жайы мен себептері анықталып жатыр", деп хабарлайды Павлодар облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

"Күдіктілердің бірі ұсталып, УҰИ-ға қамауға алынды", – делінген хабарламада.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары