$ 478.35  504.04  4.86
1xadv
Жаңалықтар 16.05.2023 сағат 15:40

1 шілдеден бастап сұйытылған мұнай газы қымбаттайды

Сұйытылған газдың қазіргі бағасы 33 600 теңге болып белгіленді.
1 шілдеден бастап сұйытылған мұнай газы қымбаттайды
Фото: pixabay

Энергетика министрлігі "ҚР ішкі нарығына СМГ беру жоспары тауар биржаларынан тыс өткізілетін сұйытылған мұнай газының шекті бағаларын бекіту туралы" бұйрық жобасын әзірледі, деп хабарлайлы Zakon.kz.

Құжатқа сәйкес, Қазақстан Республикасының ішкі нарығына сұйытылған мұнай газын беру жоспары шеңберінде тауар биржаларынан тыс өткізілетін сұйытылған мұнай газының 2023 жылғы 1 шілдеден бастап 2024 жылдың 30 мауысымды қоса алған кезеңге арналған шекті бағасы қосылған құн салығын есепке алмағанда, тоннасына 40 320,00 теңге (қырық мың үш жүз жиырма) мөлшерiнде болады.

Сұйытылған газдың қазіргі бағасы 33 600 теңге болып белгіленді.

Бұйрық жобасы 2023 жылғы 30 мамырға дейін қоғам болып талқылау үшін Ашық НҚА сайтында жарияланды.

Серіктес жаңалықтары

Соңғы жаңалықтар