Қазақстандық Елена Рыбакина Рим WTA 1000 турнирінің ширек финалында әлемнің 1-ракеткасы, Польша өкілі Ига Швентекпен ойнайды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
И. Швентек төртінші айналымда әлемнің 24-ракеткасы, хорватиялық Донна Векичті 6:3, 6:4 есебімен ұтты.
Бір жарым сағаттан астам уақытқа созылған бәсекеде поляк теннисшісі 3 эйс жасап, 3 брейк-пойнтты мүлт жібермеді. Қарсыласы 2 эйс, 1 брейкпен (7 брейк-пойнт) көзге түсті.
Осылайша, "Үлкен дулыға" жарысының төрт дүркін чемпионы, Рим мастерс турнирінің өткен жылғы жеңімпазы И. Швентек жартылай финалға шығу үшін қазақстандық Елена Рыбакинамен таласады.
И. Швентек пен Е. Рыбакина осыған дейін өзара үш рет кездескен. Есеп – 2:1, Елена алда. 2021 жылы Остравада поляк спортшысы 7:6, 6:2 есебімен басым түсті. Есесіне Е. Рыбакина 2023 жылы Аустралия ашық чемпионатының төртінші айналымында 6:4, 6:4, Индиан-Уэллс додасының жартылай финалында 6:2, 6:2 есебімен есе қайтарды. Бұл ойындардың бәрі хард төсенішінде өтті.