$ 494.87  520.65  4.91

Антикор Астананың қоршаған ортаны қорғау басқармасы басшысын қамауға алды

Тергеу шаралары жүргізіліп жатыр.
Әлия Қожабаева. Фото: Астана қаласының мәслихаты сайтынан
Әлия Қожабаева. Фото: Астана қаласының мәслихаты сайтынан

Астана қаласы Қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасының басшысы Әлия Қожабаева тергеуге алынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

"Соталды тергеп-тексеру басталғанын растаймыз. Тергеу шаралары жүргізіліп жатыр. ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге мәлімет жарияланбайды", - делінген хабарламада.

Әлия Қожабаева 1977 жылы Көкшетау қаласында дүниеге келген. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетін, Қарағанды ​​"Фемида" заң академиясын, Президент жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын бітірген.

2020 жылғы ақпанда Астана қаласы Қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасының басшысы қызметіне тағайындалған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары