Ақорда резиденциясына тікұшақтың қону барысын Президенттің баспасөз қызметі видеоға түсіріп көрсетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Бүгін Президент Қытайға мемлекеттік сапармен барады. Үш күннен тұратын бағдарламада мына шаралар жоспарланған: Мемлекет басшысының сапары, "Орталық Азия + Қытай" саммиті".
Осы арада сіздердің назарға Ақордаға тікұшақтың қону барысын ұсынамыз", - деді Президенттің баспасөз қызметі өкілдері.
Кадрларда тікұшақтың резиденция жанындағы алаңға қалай қонғаны көрсетілген.
Ақорда резиденциясы Астанадағы Есіл өзенінің сол жағалауында, Нұржол бульварының бас жағында, "Бәйтерек" монументінен 300 метр жерде орналасқан.