$ 498.34  519.72  4.85

«Санжардың өзі өтініш жасады»: Еуразия ұлттық университеті боксшының оқудан шығарылуына қатысты мәлімдеме жасады

Университет белгіленген ережелер аясында оны қабылдауға дайын.
Фото: instagram.com/boxingkazakhstan
Фото: instagram.com/boxingkazakhstan

Лев Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті боксшы Санжар Тәшкенбайдың оқудан шығып қалуына байланысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды El.kz. 

Бұған дейін бокстан әлем чемпионы Санжар Ташкенбайдың оқудан шығарылғаны туралы ақпарат таралған. Жоғары оқу орны мұны жоққа шығарып отыр.

Ақпарат шындыққа жанаспайды. Санжар өзінің жеке өтінішімен оқудан шықты. Университет талантты студенттер мен түлектерді қолдайды. Біз барлық қазақстандық секілді Санжардың жеңісімен мақтанамыз және оған жаңа жетістіктер тілейміз. Санжардың өзі ниет білдірсе, университет белгіленген ережелер аясында оны қабылдауға дайын, - делінген мәліметте.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары