24.01.2017, 11:00

Бигелді Ғабдуллин 5 жылға сотталды

CentralAsiaMonitor басылымы мен Radiotochka.kz ақпараттық порталының бас редакторы Бигелді Ғабдуллинге қатысты сот үкімі шықты деп хабарлайды Tengrinews.kz. Танымал журналист ірі мемқызметкерлерден ақша бопсалады деп айыпталған болатын.

Осылайша сот Б.Ғабдуллинді 5 жылға шартты жазаға кесіп отыр. Ол сот залынан босап шықты.

Айта кетейік, бұған дейінгі отырыста айыпты азамат соңғы сөзін айтып, жасаған әрекеті үшін кешірім сұраған болатын. Сондай-ақ, ол жұмыс істеген адамның ғана қателесетінін айтып, өз ісіне түсіністікпен қарауды сұрады. Ғабдуллин өзінің Мемлекет басшысы туралы жазған еңбектерін де ескерусіз қалдырмауды судьядан өтінді.

Ал, прокурорлар болса танымал журналисті қамамай, тек шартты жазаға кесуді сұраған болатын.

Тергеу мәліметтеріне сәйкес, Бигелді Ғабдуллин облыс әкімдері мен министр Қанат Бозымбаевты бопсалап, олардан ірі көлемде қаражат алған.