$ 498.34  519.72  4.85

Талдықорған қаласының әкімі жансақтау бөліміне түсті

Шаһар басшысы жоғары қан қысымымен ауруханаға түскен.
Фото: Kazinform
Фото: Kazinform

Талдықорған қаласының әкімі Әсет Масабаев ауруханадағы жансақтау бөлімінен жалпы палатаға ауыстырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Шаһар басшысы жоғары қан қысымымен ауруханаға түскен.

«Бірнеше күн бұрын ауруханаға түсті. Жұмыс уақытында қан қысымы көтеріліп, жедел жәрдем көлігі келіп, жұмыстан алып кетті. Жансақтау бөлімінен жалпы палатаға ауыстырылды. Қазір жағдайы бірқалыпты»,- дейді Талдықорған қаласы әкімінің баспасөз қызметінің хатшысы Мади Шакенов.

26 сәуір күні 38 жасқа толған шаһар басшысы Әсет Масабаев қала тұрғындарын жеке мәселелері бойынша қабылдап, шешуге барынша атсалысып жүреді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары