18.05.2023, 17:40

Әлемнің үздік теннисшісін жеңген Рыбакинаның қанша табыс тапқаны белгілі болды

Фото: lenarybakina инстаграм парақшасынан
Еске салайық, ширек финалда Рыбакина әлемнің бірінші ракеткасы Ига Швентекті жеңіп кетті.

Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Римде өтіп жатқан  WTA 1000 - Internazionali BNL d'Italia жарысының жартылай финалына өтті. Кезекті жеңісі Рыбакинаның рейтингтегі орны мен табысына да оң әсерін тигізді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Live-рейтингте Рыбакинаға 175 ұпай қосылды. Әрі дүйсенбі күні әлемдік рейтингте 5-орынға көтеріледі. Егер бұл жарыста жеңіске жетсе, отандасымыз франциялық Каролин Гарсияны басып озып, рейтингте бірден 4-орынға көтеріледі. 

Ширек финалдағы жеңістен кейін Рыбакина 73,9 мың еуро немесе 36,03 миллион теңге алады. Ал жартылай финалда жеңсе, тағы 143,4 мың еуро немесе 70 миллион теңгеге жуық қаржы иеленеді. 

Еске салайық, ширек финалда Рыбакина әлемнің бірінші ракеткасы Ига Швентекті жеңіп кетті. Алғашқы сетті Швентек жеңгенімен, екінші сетте Елена Рыбакина басым түсті. Алайда үшінші сетті Швентек жарақатына байланысты ойынды жалғастырудан бас тартты.