Қарағанды облысында биылғы төрт айда кәмелетке толмаған 75 оқушы мен студент жүкті болып қалған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Қыздардың жасы 16 мен 18 аралығында екен. Дәрігерлердің айтуынша, бұл былтырғыдан сәл көп дейді. Былтыр дәл осы мерзімде Қарағанды облысында 69 жүкті жасөспірім дәрігерлерге жүгінген.
Мұндай мәліметтерді Қарағанды облысы денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Гүлжан Жиембаева білім беру ұйымдары мен полиция департаментінің басшыларымен кездесуінде айтты.
"Көбінесе біз бұл фактілерді кейінірек білеміз. Әдетте, қыздар жүктілігін ата-аналарынан жасыруға тырысады және оны тек іші өсе бастағанда және ұрықтың белсенді қозғалысы пайда болған кезде ғана мойындап жатады. Біз бұл жағдайлардың бәрін тіркеп, ай сайын полицияға хабарлап отырамыз. Олардың әрқайсысына қатысты іс жүргізіледі. Биыл 75 жүкті қыздың көпшілігі балаcының әкесімен қосылды", - деді Гүлжан Жиембаева
Алайда оның айтуынша, зорлау салдарынан да кәмелетке толмағандардың жүкті болған фактілері тіркеледі. Олар көпшіліктің айыптауынан қорқып, дәрігерлер мен полицияға кеш жүгінеді. Мысалы, былтыр 15 жастағы кәмелетке толмаған бала өзін зорлағаннан кейін жүкті болып қалған. Қарағанды облысында 2022 жылы барлығы 186 кәмелетке толмаған бала жүкті болған.