$ 498.34  519.72  4.85

Өскеменде балкон опырылып, әйел үшінші қабаттан құлап кетті

Ол 6 айлық баласын құтқаруды сұраумен болды.
Фото: Stan.kz
Фото: Stan.kz

Өскеменде балконның бір бөлігі опырылып, онда тұрған әйел үшінші қабаттан құлап кетті. Куәгерлер бірден жедел дәрдем шақырған. Қуанышқай орай әйел ауыр жарақаттар алмапты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Оқиға орнында болған куәгер Бақытгүл Ақылбаева зардап шеккен әйелдің баласын құтқаруды сұрағанын мәлімдеді. 

"Үлкен нәрсенің құлағанын естідік. Кеңседен шығып едік, адамдар балконның жанына жиналыпты. Сол жерде жатқан әйелді көрдім. Ол 6 айлық баласын құтқаруды сұраумен болды", – дейді ол. 

Куәгерлердің арасында дәрігер де болыпты. Бірақ пәтерге кіре алмаған соң зардап шеккен әйелдің көршісімен бірге есікті бұзған. 

"Пәтерге кірсек күйген иіс шығып тұрды. Ал бала жылап отыр екен. Әйел тамақ пісіргісі келген секілді, қазанды қойып, май немесе су да құймаған. Салдарынан ақ түтін пәтерге жайылған. Өте қорқынышты болды, аяқ-қолымыз дірілдеп кетті", – дейді куәгер Раушан Смайылова. 
Баланы таза ауаға алып шыққан соң Раушан жақындары келгенше сәбимен бірге болыпты. Ал зардап шеккен әйелді ауруханаға алып кеткен. Денсаулық сақтау басқармасы мәлім еткендей ол ауыр жарақаттар алмаған. Енді қала тұрғындары балкондардың жағдайына байланысты алаңдаушылық білдіріп отыр. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары