$ 443.37  474.49  4.83

Астана - Анкара бағыты бойынша тікелей рейс ашылады

Азаматтық авиация комитеті халықаралық рейстер санын ұлғайту және ұшу географиясын кеңейту бойынша жұмыс жүргізіліп жатқанын мәлімдеді.
Фото: pixabay
Фото: pixabay

Fly Arystan Қазақстан мен Түркия астаналары арасында рейстерді іске қосады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

ҚР ИИДМ Азаматтық авиация комитеті қазақстандық авиакомпаниялармен бірлесіп халықаралық рейстер санын ұлғайту және ұшу географиясын кеңейту бойынша жұмыс жүргізіліп жатқанын мәлімдеді.

«Мәселен, 2023 жылғы 23 мамырдан бастап «Fly Arystan» авиатасымалдаушысы Airbus – 320 үлгісіндегі әуе кемелерінде аптасына 2 рейс жиілігімен (сейсенбі, сенбі) Астана – Анкара бағыты бойынша тікелей тұрақты жолаушылар рейстерін ашуды жоспарлап отыр», - делінген комитет хабарламасында.

Қазақстан мен Түркия арасындағы рейстер санының артуы елдер арасындағы сауда-экономикалық, туристік және мәдени ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ықпал ететін болады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары