Өткен тәулікте Қарағанды облысында екі бала терезеден құлап, зардап шекті, деп жазады inbusiness.kz.
Екі жағдайда да балалар үлкендердің қарауынсыз қалған.
"Теміртауда 2018 жылы туған қыз бала бесінші қабаттағы пәтердің терезесінен құлап кетіп, қалалық орталық ауруханаға жатқызылды. Жағдайы ауыр. Ал, Бұқар жырау ауданы, Үштөбе ауылында 2021 жылы туған бала үшінші қабаттағы пәтердің терезесінен құлап кетті. Ол Қарағандыдағы Х.Ж.Мақажанов атындағы көпсалалы ауруханада жатыр. Жағдайы орташа", -деп хабарлады департамент.