$ 494.87  520.65  4.91

Халыққа қызмет көрсету орталықтары енді қытай тілінде қызмет көрсететіні рас па?

Бұл сұраққа Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Әсет Тұрысов жауап берді.
Фото: Азаматтарға арналған үкімет
Фото: Азаматтарға арналған үкімет

Ендігі уақытта халыққа қызмет көрсету орталықтары қытай тілінде де қызмет көрсетеді деген ақпарат жалған. Бұл туралы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Әсет Тұрысов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында БАҚ өкілдері вице-министрден: «Еліміздегі халыққа қызмет көрсету орталықтарында қазір үш тілде қызмет көрсетіледі. Олар - қазақ, орыс, ағылшын тілдері. Енді оған қытай тілін қосып жатыр екен. Себебі не? Қытай мен Қазақстан арасындағы Президент қол қойған визасыз режимге байланысты ма? Әлде басқа себебі бар ма? Не үшін төртінші тіл ретінде басқа емес, дәл қытай тілі қосылып жатыр?» деп сұрады.

Бұл сауалға Әсет Тұрысов:

«Аталған ақпарат жалған екендігін айтқым келеді», - деп қысқа жауап берді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары