19.05.2023, 20:30

Алматыда бойжеткен тұрғын үй кешенінің 18-қабатынан секіріп кетті

Фото: pixabay
Полиция басқармасының баспасөз қызметі алдын ала болжам бойынша, 2000 жылы туған қыз өз-өзіне қол жұмсағанын хабарлады.

Алматыдағы тұрғын үй кешендерінің бірінің аумағында бойжеткеннің денесі табылған. Полиция істі тергеп жатыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Әлеуметтік желіде апат болған жерден видеолар мен фотолар пайда болды. Барлығы оқиғаның Teracotta тұрғын үй кешенінде болғанын айтуда. Қыз балконынан секіріп кеткен.

Сондай-ақ 18-ші қабаттың балконында кроссовка, телефон және оттық табылғаны видеолар жарияланды.

Полиция басқармасының баспасөз қызметі алдын ала болжам бойынша, 2000 жылы туған қыз өз-өзіне қол жұмсағанын хабарлады.

"Бостандық аудандық полиция бөлімі бұл деректі Қылмыстық кодекстің 105-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай реестріне тіркеді. Сот-медициналық сараптама тағайындалды", - деді Алматы қаласы ДП.