$ 498.51  522.84  4.81

Қостанайлық дәрігерлер ұшақта жүрегі тоқтап қалған әйелді аман алып қалды

Ұшу кезінде жолаушылардың бірі өзін нашар сезіне бастаған.
Фото: tengrinews.kz
Фото: tengrinews.kz

Қостанайлық дәрігерлер Қызылорда болған іссапардан қайтар жолда ұшақта жүрегі тоқтап қалған әйелді аман алып қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қостанай облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасына сілтеме жасап.

Ұшу кезінде жолаушылардың бірі өзін нашар сезіне бастаған және кенеттен есінен танып қалып, жүрегі тоқтап қалғаны байқалған. Барлық дәрігерлер көмекке келді, ал анестезиолог-реаниматолог дәрігер Бақытжанов әйелге қажет процедураларды жүргізе бастаған.

Әміржан Серікбайұлының медициналық біліктілігі мен дәрігерлердің үйлесімді іс-әрекеттерінің нәтижесінде, жолаушы біртіндеп өзіне келген. Ұшақ қонғаннан кейін оны Астанадан келген жедел жәрдем мамандары қабылдаған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары