Ақтөбе көшелерінің бірінде полиция формасын киген мас қыз ұсталды, деп хабарлайды polisia.kz.
Жедел басқару орталығының "102" нөміріне "Есет батыр" шағын ауданында полиция формасын киген мас қыз жүргені туралы хабар түскен.
Аталған мекенжайға барған учаскелік полиция инспекторы 29 жастағы тұрғынды ұстап, бөлімшеге жеткізді. Тексеріс барысында қыздың полицияға ешқандай қатысы жоқ болып шықты.
Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 440-бабы (ішімдік ішу немесе қоғамдық орындарда мас күйінде жүру), 434-бабы (ұсақ бұзақылық) және 675-бабы (айырым белгiлерi және (немесе) нышаны бар әскери киiм нысанын, сондай-ақ нысанды киiм мен арнаулы киiм-кешектi заңсыз киiп жүру) бойынша хаттама толтырылды.
Сондай-ақ, ақтөбелік қыздың полиция қызметкері формасын қайдан алғаны анықталып жатыр.