21.05.2023, 07:30

Шайбалы хоккейден ӘЧ: Қазақстан Латвиядан ойсыра жеңілді

Фото: inform. kz
Қазақстан қарсыласына 0:7 есебімен жол берді.

Шайбалы хоккейден 2023 жылғы әлем чемпионатының элиталық дивизионында Қазақстан құрамасы Латвиямен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Кездесу барысында құрамалар тартысты ойын өткізді. Негізінен латвиялық хоккейшілердің белсенділігі айқын аңғарылып тұрды. Нәтижесінде бірінші кезеңде қазақстандық құрама қақпасына екі шайба соғып кетті. Бұл голдарды Рихард Букартс - 15, Оскар Багня 17-минутта өз еншісіне жазды.

Екінші кезеңде латвиялықтар Мартиныш Дзиеркалс - 21, Родриго Аболс - 29, Микс Индрашис 39-минутта гол соқты.

Ал үшінші кезеңде латвиялық Каспарс Даугавиньш - 49, Родриго Аболс 51-минутта көздеген нысанадан мүлт кеткен жоқ.

Осылайша Қазақстан қарсыласына 0:7 есебімен жол берді.