22.05.2023, 01:30

Жаркентте үш жасар бүлдіршін каналға құлап, көз жұмды

Фото: Pixabay
Бұл факт бойынша ақпарат әлеуметтік желіде пайда болды, оны өңірполициясы растады.

Жаркентте ұшты-күйлі жоғалып кеткен үш жасар бүлдіршіннің мәйіті суару каналынан табылды, деп хабарлайды Sputnik.kz. Алмалы кентінің тұрғындары Жетісу облысы Панфилов ауданының полицейлеріне 3 жасар баланың жоғалып кеткені туралы өтінішпен жүгінген.

Айтуларынша, бала өзінің үйінің ауласында ойнап жүріп, жоғалып кеткен.

Іздеуге 100-ге жуық адам шыққан. Олар баланың денесін арықтан тапқан.

"Кентке кіретін су жабылды. Суару каналындағы су көлемі азайғаннан кейін жоғалған баланың денесі оның үйінен 3 км қашықтықта табылды. Болжам бойынша бала арнаға құлап кеткен, қатты ағыс алып кеткен", - деп хабарлады Жетісу облысының полиция департаменті.

Тәртіп сақшылары азаматтарға әсіресе жазғы демалыс кезінде балаларға жауапкершілікпен қарауды ескертті.