$ 498.34  519.72  4.85

Тарихи жеңіс: Ел құрамасы семсерлесуден алғаш рет командалық сында топ жарды

Финалдық сында Нидерланд құрамасынан 31:20 есебімен басым түсті.
Фото: instagram/kazakhstan_fencing
Фото: instagram/kazakhstan_fencing

Түркияның Стамбул қаласында өткен семсерлесуден әлем кубогінде Қазақстан командасы сенсация жасап, тарихта алғаш рет шпагадан командалық жарыста топ жарды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Семсерлесуден әлем кубогінде Қазақстан намысын Ерлік Сертай, Эльмир Алимжанов, Руслан Курбанов пен Вадим Шарлаимов қорғаған болатын. Турнир барысында Қазақстан командасы Колумбияны 45:41, Италияны 45:31, Аргентинаны 45:44, Испанияны 45:32 есебімен жеңді.

Ал финалдық сында Нидерланд құрамасынан 31:20 есебімен басым түсті. Өз кезегінде нидерландтықтар Франция, Қытай, Украина және Оңтүстік Корея командаларын жарыс жолынан шығарған.

Бұл турнир Париж Олимпиадасына іріктеу бәсекесі саналады және тәуелсіз Қазақстан тарихында тұңғыш рет шпагашылар топтық сында алтын медаль иеленіп отыр. Бұған дейін спортшыларымыз әлем кубогіндегі жекелей сында жүлдегерлер қатарынан көрінген. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары