23.05.2023, 01:30

Зорлау ісі бойынша халықаралық іздеуде жүрген шетелдік Астанада ұсталды

Фото: pixabay
Германияның 1960 жылғы азаматын ұстады.

Астанада зорлау қылмысы үшін төрт жыл бойы халықаралық іздеуде жүрген Германия азаматы ұсталды.

Көліктегі полиция департаменті экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Астанада жүргізілген жедел-іздестіру шаралары барысында Германияның 1960 жылғы азаматын ұстады. Оған 2019 жылдан бері халықаралық іздеу жарияланған.

Ер адам Германияның Қылмыстық кодексінің 177-бабында "Адам зорлау" көзделген қылмысты жасағаны үшін іздеуде жүрген.

Қазір шетелдік уақытша ұстау изоляторына қамалды, деп хабарлайды ІІМ баспасөз қызметі.