"Қазгидромет" РМК синоптиктері Қазақстан бойынша 23-25 мамыр аралығындағы ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Синоптиктердің болжамынша, республиканың басым бөлігінің ауа райын атмосфералық фронтальды бөлімдер айқындайды, жаңбыр, найзағай, оңтүстік-шығыста бұршақ болады.
23-25 мамырда еліміздің оңтүстік-шығысындағы таулы аймақтарда қатты жауын-шашын (жаңбырдың соңы қарға ауысады) болады деп болжанды.
"Республика бойынша жел күшейіп, республиканың солтүстік-батысында, оңтүстігінде шаңды дауыл тұрады", деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК.
Қазақстан бойынша күндіз ауа температурасының фоны:
батыс өңірлерде 29-34 градус жылы; солтүстік-батыста 25-30 градус жылы; солтүстікте 23-28 градус жылы; оңтүстікте 23-31 градус жылы: шығыс және оңтүстік-шығыста 15-25 градус жылы.