$ 498.34  519.72  4.85

Анна Данилина жұптық сында Рабат жарысының ширек финалына шықты

Сондай-ақ Юлия Путинцева Мароккода Рабат турнирін жеңіспен бастады.
Фото: ҚазАқпарат
Фото: ҚазАқпарат

Қазақстанның жұптық сындағы бірінші, әлемнің 24-ракеткасы Анна Данилина Рабат (Марокко) WTA 250 жарысының ширек финалына шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Доданың үшінші ракеткалары болып тіркелген қазақстандық теннисші мен мажарстандық Тимея Бабош алғашқы айналымда чехиялық Анастасия Детюк – венесуэлалық Андреа Гамиспен шеберлік байқасты.

Тартысты өткен бірінші партияда қазақстандық-мажарстандық дуэт тай-брейкте жеңісті жұлып алды – 7:6 (7:3). Екінші сетте А.Детюк пен А.Гамиске еш мүмкіндік қалдырмады – 6:0.

Бір сағаттан астам уақытқа созылған бәсеке барысында А.Данилина – Т.Бабош 4 эйс жасап, 6 брейк-пойнттың бесеуін пайдаланды. Қарсылас жұп 1 эйс, 1 брейкпен (6 брейк-пойнт) көзге түсті.

Қазақстандық-мажарстандық жұп жартылай финалға шығу үшін америкалық Сабрина Сантамария – ресейлік Яна Сизикова немесе грузиялық Оксана Калашникова – Польша өкілі Катажина Питер жұптарының қай жеңгенімен таласады.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Елена Рыбакинаның ресми түрде әлемнің төртінші ракеткасы болды.

Сондай-ақ қазақстандық теннисшілердің әлемдік рейтингідегі орны белгілі болды.

Юлия Путинцева Мароккода Рабат турнирін жеңіспен бастады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары