$ 443.44  480.51  4.88

Астанада «Хан Шатыр» аумағында жарылыс болды (ВИДЕО)

Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі ақпаратты растады.
Фото: Видеодан алынған кадр
Фото: Видеодан алынған кадр

Астаналықтар "Хан шатыр" сауда ойын-сауық үйі ауданында салынып жатқан көпқабатты үй аумағында бірнеше жарылыс болды, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Маңайдағы үйлердің тұрғындары алғашқы жарылыс толқынын 16:28 шамасында сезген. Одан кейін тағы екі жарылыс болған.

Мұхаметханов көшесі, 4В мекенжайында салынып жатқан көпқабатты үй аумағында қою қара түтін шығып жатқаны көрінеді.

Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі ақпаратты растады.

"Сағат 16:28-де Нұра ауданында Мұхаметханов көшесі, 4В мекенжайында жаңадан салынған нысанда өрт шықты", - деп хабарлады ТЖД.

Шақыруға 19 құтқарушы мен 4 техника шыққаны айтылды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары