Алматыда Германия азаматын 200 мың теңгеге жеткізген такси жүргізушісінің басы тағы да дауға қалды. Бұл жолы ол үндістандық туристерді тым үлкен сомаға алдап соққан, деп хабарлайды Tengritravel.kz.
Редакцияның WhatsApp-номіне Үндістан азаматтарынан хабарлама түсті. Ол қасындағы үш отандасымен бірге алаяқ такси жүргізушісіне алданып қалғанын хабарлады. Тілші мән-жайды білу үшін ер адамммен кездесті.
Туристер Тимирязев көшесіндегі қонақүйге тоқтаған. 21 сәуір таңғысын ұшақтан түскен олар отырған таксиін өмір бойы ұмытпайтын болар, өйткені әуежайдан қалаға сапар 800 доллар (355 мың теңгені) құраған.
Оның үстіне бұл ер адамдардың жалынып-жалпайып сұрағанда бастапқыдан түскендегі ақысы екен.
"05.00-де жүгімізді алып, әуежайдан шықтық. Сол кезде такси жүргізушісі келіп, қызметін ұсынды. Біздің қонақүйге дейін ол телефоннан 1000 теңге болады деп көрсетті. Біз келістік, алдымен долларды айырбастамақ болдық. Ол бізге құрмет көрсетіп, жүгімізді тасысып берді. Екі досым 200 доллардан, ал үшіншісі 100 долларын теңгеге айырбастап алды.
Біз оның қара Mercedes көлігіне отыра салысымен түсініксіз жағдайлар басталды. Алдымен шлагбаум қасында ереже бұзды: алдымыздағы басқа көлікке шлагбаум көтерілгенде, біздің жүргізуші де соны пайдаланып ақысын төлемей шығып кетті. Одан кейін ол сағатына 100 шақырым жылдамдықпен жүрді. Қонақүйге 15 минутта келдік", - дейді 39 жастағы Гурудут.
Алайда қызықтың бәрі алда болыпты. Такси жүргізушісі қонақүй тұрағына кірмей, жол бойына тоқтай салған.
"Ол әдейі камера жоқ жерге тоқтады. Одан кейін телефонын алып шығып, 1180 бірлік есебін көрсетті. Біз оған теңге берсек, ол бізге доллармен төлеу керегін айтты. Біз наразылық танытып едік, ол заттарымызды бермей қоятынын, басқа жаққа апарып тастайтынын айтып қорқытты. Біз үрейленіп қалдық, көліктен шықпақ болып едік, ол жылдам қозғалып, тежегішке басып отырды.
Алдымен біз 600 доллар бердік, ол қанағат тұтпады. Қоқан-лоқы көрсетті. Үстіне 200 доллар қостық. Ол бәрібір қоймады. Досым оның аяғын ұстап жалбарына бастады. Содан кейін ғана ол заттарымызды алып, бордюрге лақтырып жіберді де, жылдам кетіп қалды, көлікті суретке түсіре алмай қалдық", - дейді үндістандық.
Сол күні туристер "102" нөміріне хабарласып, Бостандық ауданы Полиция басқармасы басшысының атына арыз жазды. Келесі күні олар Көлсайға барған.
Алмытадан 300 шақырым жерден шетелдіктер тағы да сол такси жүргізушісін көрген.
"Басында сенбей қалдық. Сосын біздің қасымыздағы қазақ досымызды онымен сөйлесуін өтіндік. Такси жүргізушісі ақшаны қайтармайтынын, басқа елдерде де осылай алдайтынын айтты. Ол ештеңеден қорықпайтынын, бұл үшін оған ештеңе боламйтынын айтты. Көңіліміз тағы бұзылды. Осы кезде Қазақстандағы достарымыз БАҚ өкілдеріне хабарласу керек деді. Өйткені мұндай бірнеше рет болып тұр, мұны ашып жазбаса болмайды деді", - дейді ол.
Редакция Жол полициясы департаментінен пікір білдіруін сұрады. Полиция өкілдері ол Германия азаматынан 200 мың теңге алған жүргізуші екенін растады. Сол оқиғадан кейін ол жазаланған еді.
"Оның үстіне шағым түсті. Қалада болмағандықтан, ол ертең Желілік полиция бөліміне келеді. Келе салысымен жауапқа тартамыз", - деп түсіндірді жол полициясының баспасөз қызметінің өкілдері.