$ 443.44  480.51  4.88

«Қазақстандық компанияның Ресейге дрон жібергені рас па?» - Қаржы министрі жауап берді

Екі ел арасында тиісті келіссөз бар.
Фото: kaztag.kz
Фото: kaztag.kz

Ақпарат құралдарында «Аспан Арба» компаниясы Ресейге 500 дрон жібергені туралы ақпарат тараған. Осыған байланысты Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев Мәжілісте түсінік берді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Егер біз оны көретін болсақ, тиісті шаралар қабылдаймыз. Екі ел арасында тиісті келіссөз бар. Бізге сондай ақпарат келіп түссе, ондай тауарларды жібермейміз. Ал былай кез келген кәсіпкерді ұстап алып, тәртіп бұзушы ретінде қарастыра алмаймыз ғой», - дейді министр.

Ол бұған дейін Еуропадан, АҚШ-тан арнайы делегация келгенін айтты.

«Олар өздерінің ойларын бөлісті.  Қазақстанға, Қырғызстан, Өзбекстанға барды. Делегация мұндай тауарларды анықтаса, тізімін жібереді. Соғыс  болып жатқан жерден айғақтар табылғанын айтады», - дейді Ерұлан Жамаубаев.

Айта кетейік,  бұған дейін «Важных историй», Der Spiegel, «Власть» және OCCRP бірігіп жүргізген зерттеуге сәйкес, қазақстандық «Аспан Арба» компаниясы дрондарды Ресейге жеткізіп отырған анықталған.

Журналистер Ресей кеденінен алған мәліметте 2022 жылы қазақстандық «Аспан Арба» компаниясы Ресейге 500-ден астам дрон жеткізгені көрсетілген. «Аспан Арба» компаниясы 2022 жылдың сәуірінде тіркелген, яғни Ресей Украинаға басып кірген соң тіркелген.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары