$ 524.58  551.91  4.93

«Қазселденқорғау» басшылығы 400 млн теңгеге жуық пара алған – Антикор

Еске салайық, Жамбыл облысының бұрынғы әкімі, "Қазселденқорғау" мемлекеттік мекемесінің басшысы Кәрім Көкірекбаевтың ұсталғаны жайлы ақпарат өткен жылдың желтоқсанында тарады.
Фото: Ulysmedia.kz
Фото: Ulysmedia.kz

ҚР ТЖМ «Қазселденқорғау» ММ басшыларына қатысты сотқа дейінгі тергеу аяқталды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Антикор мәліметінше, мекеме қызметкерлері орындалған жұмыстардың актілеріне қол қойғаны және жалпы қамқорлығы үшін кәсіпкерлерден жалпы сомасы 396 млн теңгеге ірі және аса ірі мөлшерде пара алғаны үшін айыпталды.

“Тергеу сотының санкциясымен күдіктілер қамауда отыр. Қазіргі уақытта қылмыстық іс ҚР ҚПК 300-бабы тәртібінде сотқа жіберу туралы мәселені шешу үшін Алматы облысының прокуратурасына берілді”, – делінген хабарламада.

Тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Сонымен бірге, ведомство Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық-процестік Кодексінің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам кінәсіз деп есептелетінін еске салды.

Еске салайық, Жамбыл облысының бұрынғы әкімі, "Қазселденқорғау" мемлекеттік мекемесінің басшысы Кәрім Көкірекбаевтың ұсталғаны жайлы ақпарат өткен жылдың желтоқсанында тарады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары