Ақтөбеде 17 мамырда Қасым және Жомарт есімді егіздер дүниеге келді, деп хабарлайды Stan.kz.
Ақтөбелік 27 жастағы ананың егізбен қосқанда бес баласы бар.
Егіздер маусымда туылуы керек болғар, алайда анасының толғағы ерте келіп, 17 мамырда ақтөбелік келіншек салмағы 2400 грамм болатын егіз ұл босанды.
Балалардың әжесі дәрігерлер кесарь тілігін жасауды жоспарлағанын айтады. Бірақ келіншек сәбилерді өзі босаныпты.
"Туғанға дейін біз балаларға есім таңдамайтынбыз. Бізде әрқашан осылай болады, балаға атты дүниеге келгенде қоямыз. Атты бүкіл отбасымен бірнеше күн таңдадық. 17 мамыр – Президентіміздің туған күні. Біз ұл балалар ерте туылғандықтан, Қасым мен Жомарт деп Президенттің атын қоюды жөн көрдік. Олар осылай дүниеге келді, демек ерекше балалар. Балаларымның ғалым болғанын, тәрбиелі болғанын қалаймын, жақсы оқып, ел игілігіне қызмет етсе деймін", – дейді егіздің әжесі.