$ 448.15  483.46  4.86

«Қалағанымды істеймін»: Көкнәр алқабын таптап жүрген көлік жұрттың ашуын тудырды

Кадрларда көлік жүргізушісі гүлдер алқабында айналып жүргені көрсетілген.
Фото: Видеодан алынған кадр
Фото: Видеодан алынған кадр

Оқиға куәгерлері Алматы маңындағы көкнәр алқабында жүрген BMW көлігін видеоға түсіріп алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Әлеуметтік желіде BMW түсірілген видео тарап жатыр. Кадрларда көлік жүргізушісі гүлдер алқабында айналып жүргені көрсетілген.

"Мен оған ескерткен едім, ол: "Өзгенің ісіне араласпа", деп жауап берді. Сосын мұның бәрін неге бүлдіріп жатқанын сұрадым. Ол: "Қалағанымды істеймін" деді ме, сол сияқты бірдеңе деп жауап берді", - дейді видео сыртындағы дауыс.

Видеоның сипаттамасында оқиға Талдықорған-Қонаев тасжолы маңындағы Арқарлы асуы мен Шеңгелді ауылы арасындағы гүлдер алқабында болғаны айтылған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары